Қарағандыда діни экстремизм мен лаңкестіктің алдын алу мәселелері бойынша жасөспірімдерге арналған семинар өтті

ҚАРАҒАНДЫ. 6 сәуір. ҚазАқпарат - Қарағандылық судьялар жасөспірімдер үшін «Діни экстремизм мен лаңкестіктің алдын алу. Лаңкестіктің жасалғаны туралы көпе-көрнеу жалған ақпарат туралы қылмыстық істерді қарастыру» тақырыбында семинар-дәріс ұйымдастырды.

Қарағандыда діни экстремизм мен лаңкестіктің алдын алу мәселелері бойынша жасөспірімдерге арналған семинар өтті

Бұл хақында Қарағанды облыстық сотының баспасөз орталығынан мәлімдеді.

«Соңғы жылдары лаңкестік мәселесі Орталық Азияның барлық мемлекеттерін абыржытып отыр. Бүгінгі таңда еліміз лаңкестік пен діни экстремизмге қарсы белсенді түрде ұлттық әрі халықаралық деңгейде күрес жүрзізуде. Елбасы өзінің «Қазақстан 2050: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Үкіметке діни экстремизм мен лаңкестікпен күрес бойынша мемлекеттік бағдарламаны әзірлеуді тапсырды», - деп атап өтілген хабарламада.

Лаңкестікке қарсы тұру үшін оның туындау себептері мен жайттарын шешкен ләзім. Сот мамандарының пайымдауларынша, сәйкесінше алдын алу және түсіндіру жұмыстарын қолға алған абзал.

Семинар-дәріске Қарағанды қаласындағы №2 Октябрь ауданының соты мұрындық болып отыр. Мектептің жоғары сынып оқушылары мен училищенің тәлім алушыларына діни-психологиялық-құқықтық кеңес орталығының мамандары мен құқық танушылар дәріс оқыды.