20:35, 09 Қыркүйек 2009 | GMT +5
Қарағандыда діни экстремизмнің алдын алу жұмыстарына арналған республикалық конференция өтті
АСТАНА. Қыркүйектің 9-ы. ҚазАқпарат - Бүгін Қарағанды қаласында «Діни экстремизмнің алдын алу жөніндегі жұмыстардың негізгі қырлары» тақырыбында республикалық конференция өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Конференцияны ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Әділет министрлігінің Дін істері жөніндегі комитеті ұйымдастырды.
Конференция жұмысына әділет, білім, ішкі саясат қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралдарының редакторлары, үкіметтік емес ұйымдардың, діни бірлестіктердің өкілдері, ғалымдар, сарапшылар қатысты.
Шара аясында мемлекеттік және қоғамдық институттардың конфессияаралық тыныштық пен келісімді нығайту саласындағы ынтымақтастығы және осы тақырыпты БАҚ-та жариялау мәселелері талқыланды.