Қарағандыда домбыра жасаудан шеберлік класы өтті

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Ұлттық домбыра күні аясында «Нағыз қазақ - қазақ емес, нағыз қазақ - домбыра» деген атаумен Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейінде домбыраның 7 түрі көрсетілген іс-шара өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 
None
None

«Бүгін біздің музейге Шет аудандық археологиялық-этнографиялық музейінен домбыраның 7 түрі әкелінді. Қарағандылықтар оларды келесі аптаға дейін жалғасатын көрмеден тамашалай алады», - деді облыстық тарихи-өлкетану музейінің басшысы Ержан Нұрмағамбетов.

Облыстық тарихи-өлкетану музейінде қазақ қоғамының салт-дәстүріне арналған арнайы зал бар. Онда домбыра мен қобыздың көптеген түрлері көрсетілген.

nullСондай-ақ, шараға әйгілі халық әртісі Қали Байжановтың домбырасы жеткізілген.

«Домбыра - ерекше аспап. Үні қазақтың кең даласының түгел тарихымен тұнып жатқандай. Мен ұрпақтан ұрпаққа берілетін домбырамен ән салу өнеріне тәнті болдым. Ол - сол қалпы, еш өзгермеген. Әлі де даусы жарқын-жарқын шығады», - дейді домбырашы Ержан Тұрсынов.

nullШара кезінде Шет ауданының өлкетанушысы, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Ертай Жәнібеков «Естірту» күйін орындады. Ержан Тұрсынов өз қолынан шыққан домбырамен ән шырқады. Сондай-ақ, сәндік-қолданбалы өнер шебері Мәлік Хайролла шеберлік класында ұлттық аспапты жасаудың қыр-сырымен бөлісті.

Е. Нұрмағамбетовтің айтуынша, Қарағандыда осы іспеттес шеберлік кластары жиі өткізіліп тұрады. Шеберлердің барлығы өткен жылы өз жұмыстарын таныстыру үшін ЭКСПО көрмесіне барып қайтқан.

Көрмені алғашқы күні жүзге жуық адам тамашалаған.

 

Соңғы жаңалықтар