Қарағандыда екі қарт үйлерінде шыққан өртте ажал құшты

АСТАНА. 21 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін түнде Қарағандының Қазыбек би атындағы ауданында жекеменшік тұрғын үйде өрт басталды.
None
None

ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлағандай, жалынның таралуы бір жарым сағатқа жуық уақытта тоқтатылып, шамамен екі сағаттан соң толығымен ауыздықталды. Онымен күреске ҚР ТЖМ Қарағанды облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметінің 30 адамы мен 7 техникасы жұмылдырылды. Жалын 160 шаршы метр аумақты шарпыды. Өртті сөндіру кезінде егде жастағы екі адамның күйіп кеткен мүрделері табылды.

Соңғы жаңалықтар