Қарағандыда екі тәулік құбыр суын ішуге тыйым салынды
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Құбырларға дезинфекция жасалуына байланысты қарағандылықтарға 8-9 ақпан күндері құбырдан келетін суды ішуге және ас әзірлеуге пайдалануға тыйым салынды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
«Бұл Қарағандыдағы алты ауданның - Михаиловка, Оңтүстік-Шығыс, Майқұдық, Сортировка, Пришахтинск, Федоровка және Ақтас кентінің тұрғындарына қатысты. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сәйкес, профилактикалық мақсатта Қазыбек би ауданында 8 ақпан күні 17-00 ден 9 ақпан 17-00-ге дейін су құбырлары желілеріне дезинфекция жасалады. Су құрамында хлор дозасы көбейеді», - деп хабарлайды «Қарағанды Су» ЖШС-ның баспасөз қызметі.
Коммуналдық мекемелер екі тәулікке жететін ауыз су қорын сақтап қоюға кеңес береді.
«Суды ішуге және тамақ әзірлеуге тыйым салынады», - дейді баспасөз қызметі.