Қарағандыда екі жаяу жүргінші көлік астына түсіп мерт болды

ҚАРАҒАНДЫ. 17 сәуір. ҚазАқпарат - Қарағандыда «Тойота» көлігінің 21 жастағы жүргізушісі екі жаяу жүргіншіні қағып кетті, олар оқиға орнында көз жұмды.

Қарағандыда екі жаяу жүргінші көлік астына түсіп мерт болды

Бұл туралы Қарағанды облысы ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарланды.

Полицияның берген ақпаратына сәйкес, жол-көлік апаты Қарағандының «Голубые пруды» шағынауданында сәуірдің 17-сіне қараған түні болды.

«Тойотаның» 21 жастағы жүргізушісі жолдан өтпек болған 43 жасаты ер адам мен 33 жастағы әйелді қағып кетті. Жол-көлік апатының салдарынан екі жүргінші де оқиға орнында көз жұмды», -делінген облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Өлімге әкеліп соқтырған жол-көлік апаты фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. «Жүргізуші уақытша ұстау абақтысына қамалды. Тергеу амалдары жүргізілуде», - делінген хабарламада.