Қарағандыда екі жүз жер телімі жеке тұрғын үй салуға берілетін болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағандының «Күнгей» шағын ауданында желтоқсанда екі жүз жер телімі жеке тұрғын үй салуға беріле бастайды. Болашақ құрылыс орындарының барлық қажетті коммуникациялары жүргізілген, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Бұл аудандағы басқа да бос жер телімдеріне электр және кәріз желілері тартылмаған. Ол үшін қазіргі таңда жобалық-сметалық құжаттама дайындалып жатыр. Жұмыстар аяқтаған соң жер телімдері кезекте тұрғандарға таратыла бастайды.
Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов басқа қалалармен салыстырғанда Қарағандыда жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер телімдері аз берілетіні туралы сұрады.
«Барлық жер телімдері, оның ішінде «Нұрлы Жер» бағдарламасы бойынша берілетін 260 учаскелер анықталған, - деді Қарағанды қаласының әкімі Нұрлан Әубәкіров. - Бірақ олардың көбісіне коммуникациялар өткізілмеген, сәйкесінше біз оларды жеке тұрғын үй құрылысына бере алмаймыз. Қазір біз құжаттарды дайындап, жер телімдеріне электр және кәріз жүйелерін тартуды жоспарлап жатырмыз. Пилоттық режимде біз тартылған коммуникациялары бар жүз жер телімін тараттық».
Барлығы Қарағандыда жеке тұрғын үй құрылысына арналған 5770 жер телімі беріледі. Кезекте 11 445 қарағандылық тұр. Біздің қаламызда жеке құрылысқа арналған жер телімдері оларға коммуникациялар тартылмағандықтан 2007-ші жылдан бері берілмеген еді.