Қарағандыда эксперименттік спектакльдердің театрлық фестивалі өтуде
ҚАРАҒАНДЫ. 26 мамыр. ҚазАқпарат - Қарағанды қаласында «Уақытпен бірге жүру...» атты эсперименттік спектальдердің театрлық фестивалі өтуде.
Бұл шараның бастамашысы -Қазақстан Театр қайраткерлерінің одағы. Фестиваль Қарағандының С.Сейфуллин атындағы облыстық қазақ драма театрының 80 жылдығына арналған.
Фестиваль ашылуының салтанатты рәсімі жұма күні кешке мерейтой иесі атанған театрдың сахнасында өтті. Үш күннің ішінде қарағандылықтар назарына 9 тәжірибелік спектакль ұсынылады. Фестивальға елдің 7 театрлық ұжымы қатысуда.
«Фестивальдің негізгі міндеті - режиссерлік және актерлік өнер, сахна және пластика саласындағы жаңалықтарды анықтау, сондай-ақ аймақтық театрлық ұжымдарда жүзеге асырылған тәжірибелік спектакльдердің көркемдік деңгейін анықтау және жаңа театрлық іздеулерді насихаттау», - деп атап өтеді ұйымдастырушылары.
Фестиваль аясында Қазақстанның және шетелдің жетекші театр қайраткерлері өздерінің шеберлік сабақтарын өткізеді.
«Бұл фестиваль театр режиссерлерінің жаңа саңлақтар тобын іздеуді көрсету, жастарға өздерінің айқындамаларын көрсету мүмкіндігін береді. Менің ойымша, режиссурада қандай өткір мәселелер бар екені туралы кәсіби әңгімелесу аспектісі өте маңызды. Осы фестивальмен үлкен үміттерімізді байланыстырамыз», - деп атап өтті ҚР еңбегі сіңген қайраткері, Т.Жүргенов атындағы Қазақ өнер академиясының профессоры Сәния Қабдиева.
Қазақстан жаңа театрды ашуға ниетті, деп есептейді фестивальға Қырғызстаннан келген бұл елдің еңбегі сіңген қайраткері, театр режиссері Нұрлан Әбдіқадыров. «Қазақстандық театрда өнерлі адамдар жеткілікті. Қазір де авангардтық бағытты жүзеге асырып отырған «пионерлердің» толық жасағы пайда болды. Өзара байыту сәті болуы тиіс. Бұл - ертеңгі күннің табысына апаратын жол», - деп бөлісті пікірімен көрші елден келген қонақ.
Фестиваль қорытындылары бойынша «Үздік спектакль», «Үздік режиссерлік жұмыс», «Үздік актриса», «Үздік актер», «Үздік суретші», «Үздік дебют» аталымдарындағы жеңімпаздар анықталды. Қазылар алқасына Қазақстан Театр қайраткерлері одағының төрағасы, ҚР халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, профессор Тұңғышбай Жаманқұлов басқарушылық етуде. Қазылар алқасының құрамында - елдегі театр өнерінің жетекші шеберлері Болат Атабаев, Тілектес Мейрамов, Сәния Қабдиева, сондай-ақ Ресей және Қырғыстаннан келген әріптестер бар.
Фестивальдің жабылуы мен жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 27 мамыр күні С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрында өтеді.