Қарағандыда «Елбасы жолы» киноэпопеясының жалғасы түсірілуде (ФОТОРЕПОРТАЖ)
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда «Елбасы жолы» киноэпопеясының жалғасы - «Жұлдыздар осылай жанған еді» көркем фильмінің түсірілімі жүріп жатыр.
Картинаға 1984-1991 жылдар аралығындағы кезең арқау болған.
Кеншілердің мәдениет сарайының алды түсірілім алаңына айналды. Мұнда мыңнан астам адам, ресейлік және қазақстандық актерлер жиналды. Сценарий бойынша 1989 жылғы шахтерлердің ереуілі түсірілмек.
Түсірілімге «Брежнев», «Белая гвардия», «Похороните меня за плинтусом», «Контрибуция», «Цветы календулы», «Белая гвардия», «В движении», «Прибытие поезда» фильмдерімен танымал болған ресейлік режиссер Сергей Снежкин жетекшілік етеді.
Басты рөлді 36 жастағы қазақстандық актер Берік Айтжанов сомдайды..
Картина Тәуелсіздік күні мерекесіне орай прокатқа шығуы тиіс.
Айта кетейік, Елбасының өмірі жайындағы киноэпопеяның төртінші бөлімі өткен жылдың желтоқсанында көрсетілді. Оған дейінгілері «Балалық шағымның аспаны», «Отты өзен» және «Теміртау» деп аталған болатын. Елбасының ролін қазақтандық актер әрі әнші Нұрлан Әлімжан сомдаған еді.