Қарағандыда Энерготиімді идеялардың 3-інші республикалық байқауы басталады
АСТАНА. 14 ақпан. ҚазАқпарат - Қарағанды қаласында 2012 жылдың 15 ақпанында «Болашақтың эргономикасы» атты энергияны үнемдеу және экологияны сақтауға бағытталған идеялардың 3-інші республикалық байқауы басталады.
Шараның мақсаты энергияны үнемдеу идеясын өмір нормасы ретінде насихаттау, энергияны үнемдеу және экологияны сақтау саласындағы шығармашылық үрдіске және жұмысқа халықтың белсенді бөлігін тарту, қуат көзін үнемдеу және оларды енгізу бойынша жаңа идеяларды іздестіру болып табылады.
Байқауды өткізу идеясы «Эргономика» ЖШС ғылыми-өндірістік фирмасына тиесілі, ұйымдастырушылардың қатарында БҰҰ Даму бағдарламасы, "Қазақстандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және дамыту орталығы" АҚ, Қарағанды облысының әкімдігі мен «Grundfos» (Австрия), «Danfos» (Дания) және «Itron» (Франция) компаниялары бар.
ҚР Статистика агенттігінің мәліметтеріне қарағанда, Қазақстанда тұрғын үй секторы босатылған жылу энергиясының шамамен 40 пайызын пайдаланады. Зерттеулердің нәтижесі бойынша, 2010 жылы Қазақстанда ғимараттарда жылу энергиясының шығыны жылына 1 шаршы метрге 270 КВт-ты құрады. Бұл еуропалық орташа көрсеткіштерден - жылына 1 шаршы метрге 100-120 кВт әлдеқайда көп.
Сонымен қатар ысырапшылдық бойынша республика ТМД мемлекеттері арасында да көш бастап тұр. Жылуды көп қолданудың негізгі себебі - тұрғын үйдің сапасында. Тұрғын үй қорының тиісті емес қалыпта физикалық ескіруі көппәтерлі тұрғын үйлердің қажетсіз деңгейде жылыланбауына алып келді.
Осыған байланысты энергия тиімділік мәселесіне селқос қарамайтын азаматтардың идеялары маңызды болып табылады. Бұл байқаудың белсенділігіне негізделген.