Қарағандыда ер адамның көлікжайынан 120 келіге жуық сынапқа ұқсас зат табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы Ішкі істер департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 47 жастағы қала тұрғыны ұстап, одан 117 килограмға жуық сынапқа ұқсас зат тәркіленді.
None
None

Бұл туралы Қарағанды облысының ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

«3-ші тамыз күні Қарағанды облысы Ішкі істер департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлерінің жедел іздестіру іс-шаралары барысында Қарағанды қаласындағы көшелердің бірінде орналасқан гараждардың аумағында 47 жастағы азамат ұсталып, одан жалпы салмағы 117 килограмға жуық сынапқа ұқсас зат тәркіленді», - делінген хабарламада.

Бүгінгі таңда аталаған факті бойынша тиісті сараптама тағайындалып, Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 301-бабы 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар