Қарағандыда есірткі саудасын ұйымдастырған Чешенстан азаматшасы ұсталды
Сондай-ақ бұрын жасалған 412 қылмыс ашылды. Қылмыс жасады деген күдікпен іздеуде жүрген 149 азамат ұсталып, 14 қару тәркіленді. Бұл мәліметтермен бүгін журналистермен болған брифингте Ішкі істер министрлігінің Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Қуанышбек Жұманов таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Апта ішінде республикада есірткімен байланысты 26 қылмыс тіркеліп, олардың 60 фактісі есірткіні тасымалдауға қатысты болған. Заңсыз айналымнан 40 келі есірткі алынса, оның 2 келісін героин құрады. «Павлодар қаласында 34 жасар азамат ұсталып, оның пәтерін тінту барысында 15 келіге жуық марихуана, 12 грам гашиш табылды», деді департамент бастығы.
Оның айтуынша, Ішкі істер министрлігінің ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері Қарағандыда Чешенстанның
46 жасар әйел азаматшасын қолға түсірген. Оның елдегі есірткі саудалаумен айналысатын этникалық топтармен байланысы
бар екендігі анықталды. Ұсталған азаматша есірткі саудасын ұйымдастырып, осындай әрекеті үшін бұрын сотталған болып шықты. Ал оның үйін тінту барысында қомақты көлемде героин мен 1,5 миллион теңге табылды.