Қарағандыда ХХІ Абай оқуларының облыстық кезеңі қорытындыланды
«Сарыарқа дарыны» ҚББ РҒПО ұйымдастырған шара алты номинация:
- «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы» - Абай және Шәкәрім шығармаларын мәнерлеп оқушылар байқауы;
- «Көңілім әнді ұғады» - Абай және Шәкәрім әндері мен күйлерін орындаушылар сайысы;
- «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» - жас дарындар байқауы (өз шығармаларын орындау: өлең, ән, музыкалық туындылар).
- «Ұлылар әлемі» - Абай және Шәкәрім шығармашылығы туралы эссе;
- «Абайдың қара сөздері» - «Абайдың қара сөздерін» мәнерлеп оқушылар байқауы.
- «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» - Шәкәрім Құдайбердіұлы, Ақылбай Абайұлы, Мағауия Абайұлы шығармаларын мәнерлеп оқушылар сайысы бойынша өтті.
Облыстық турға Нұра, Қарқаралы, Осакаровка, Ақтоғай, Ұлытау аудандарынан, сонымен бірге Қарағанды, Балқаш, Жезқазған, Сәтбаев, Приозерск, Шахтинск және Саран қалаларынан келген 75 оқушы қатысты.
Жеңімпаздар:
- «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясында - Дильназ Мұрат, №61 ОББМ оқушысы (Қарағанды);
- «Абайдың қара сөздері» - Әлмұханбет Ботажан, №61 ОББМ оқушысы (Қарағанды);
- «Көңілім әнді ұғады» - Гюнель Ширинова, №38 гимназия оқушысы (Қарағанды);
- «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» - Сания Аекина, Ақтоғай ауданының Шашубай кентінің МБК оқушысы;
- «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» - Мағжан Асқар, «Дарын» ММИ оқушысы (Қарағанды);
- «Ұлылар әлемі» - Айым Аманжолова, Жамбыл атындағы ММИ оқушысы (Қарағанды).
Жеңімпаздар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Бірінші орын алғандар 23-25 тамызда байқаудың республикалық кезеңінде облыс атынан шығады.