Қарағандыда ХҚКО ғимаратына «бомба» қойылғаны хабарланды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Бүгін таңертең Қарағандының барлық шұғыл қызметтері Халыққа қызмет кқрсету орталығы (ХҚКО) ғимаратының жанына жиналды. Белгісіз біреу онда «бомба» қойылғанын айтқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

31 Наурызда таңғы сағат 9.00-де 102 телефонына ХҚКО ғимаратына жарылғыш зат салынғаны туралы хабарлама келіп түсті.

«Қарағанды облысы полиция департаментінің жедел кезекшісі оқиға орнына барлық шұғыл қызметтерді жіберді. Ғимараттан 31 адам эвакуацияланды. Полиция қызметкерлері ғимаратты тексерді. Жарылғыш зат табылған жоқ. Сағат 10.05-те «тоқтату» командасы берілді», - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 273-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері телефон шалған адамды анықтау бойынша жедел іс-шара жүргізуде.

Естеріңізге сала кетейік, мұндай жағдай оңтүстік астанада да болған. Алматыда 7 ғимаратта жарылыс құрылғылары орнатылғаны хабарланды.

Алматы қаласы полиция департаменті олардың үшеуін тексеріп, ақпарат расталмады.


Соңғы жаңалықтар