Қарағандыда интернетсіз автобустарда жолақыны қалай төлеуге болады

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандыда тұрақты интернет байланысы болмаған кезде автобустарда жол жүру ақысын кондукторларға қолма-қол ақшамен төлеуге болады. Бұл жайлы қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағандыда интернетсіз автобустарда жолақыны қалай төлеуге болады

Интернет жүйесінде іркілістер болуы себепті Қарағанды қаласының қоғамдық көліктерінде жол жүру ақысы қолма-қол ақша төлеу арқылы жүзеге асырылады.

- 6 мың теңгеге сатып алған жалпы жол жүру билеттерін пайдаланушылар ONAY! картасын сәйкестендіру үшін автобус кондукторына ұсына отырып, оларды пайдалана алады;

- жеңілдікті санаттағы азаматтар үшін атаулы әлеуметтік карта ұсынылған жағдайда төлем 0 теңгені құрайды;

- зейнеткерлер атаулы карталарын ұсына отырып, 50 теңге төлей алады;

- 7-15 жастағы балалар үшін төлем бұрынғысынша 40 теңге болып қалады;

- ересектер үшін – 80 теңге

ONAY! карталарымен электрондық төлем жүйесінің жұмысы тұрақты интернет байланысы қалпына келтірілгеннен кейін жаңартылады.