Қарағандыда иттер әйелдерге гүл сыйлады
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандыда ерекше акция өтті. Полицейлер мен кинологтар қызметтік иттермен бірге қала көшелерінде қыздарды мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қарағандыда 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Қарағанды облысы полиция департаменті кинологиялық қызмет орталығының қызметкерлерімен бірлесіп қала көшелерінде «Сэра» деп аталатын қызметтік-іздестіру иттерін жұмылдырып, ерекше құттықтау акциясын өткізді. Іс-шара барысында «Сэра» өтіп бара жатқан қыздарға және әйелдерге гүл сыйлады.
