Қарағандыда із-түзсіз жоғалып кеткен мүгедектің отбасы алаяқтардың құрбанына айналды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда боран  кезінде із-түзсіз жоғалып кеткен мүгедектің туыстары оның мекенжайы туралы кез келген ақпарат үшін ақшалай сыйақы жариялады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

Хабар-ошарсыз кеткен Амандық Әкімжановтың әпкесі оны көрген-білген жандардың құқық қорғау органдарына хабарласуларын сұрайды. «Ағама не болғанын айтқан адамдарға алғыс айтар едік. Оның екі баласы телміріп күтіп отыр», - дейді Жазира Әкімжанова.

Жазираның айтуынша, көрсетілген нөмірге бірнеше рет алаяқтар хабарласып, алдау арқылы бірліктерін толтыртқан. «Біздің қайғымызды пайдаланып, ұялы телефондарының нөміріне ақша аударуды сұрағандар болды. Бір әйел қайғымызға ортақ екенін айтып, Амандықтың тағдырын карта арқылы біле алатындығына сендірді. Бірақ, оның өтемі ретінде ұялы телефонына бірлік салуды өтінді. Мен ақша аудардым, алайда ол менің қоңырауыма жауап бермей қойды. Ал бір ер кісі Амандықтың қайда екенінен хабардар екенін, бірақ бірлігінің аз болуына байланысты ұзақ сөйлесе алмайтындығын мәлімдеді. Мен өзім хабарласып, әңгімемізді жалғастыратынымызды айттым. Бірақ, ол қазір сөйлесуге мүмкіндігі жоқ екенін және өзі қайта хабарласатынын баяндады. Мен оның нөміріне ақша салдым, бірақ ол телефонын мүлдем сөндірді», - деді Жазира Әкімжанова. 

Соңғы жаңалықтар