Қарағандыда қала әкімінің бұрынғы орынбасарына қатысты сот үкімі шықты

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Жақсылық Шалабеков қоныс колониясында жазасын өтей отырып, бір жарым жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Қазыбек би аудандық сотының судьясы Саян Аққожин Қарағанды әкімінің бұрынғы орынбасары Жақсылық Шалабеков пен безнесмен Ермек Қасеновтың қылмыстық ісі бойынша үкім шығарды. Сотталушылар екі көпқабатты үй салуға арналған 120 млн теңге көлемінде бюджет қаражатын жымқырғаны үшін айыпталды.

Прокурорлардың айтуынша, 2017 жылдың қыркүйегінде кезекте тұрғандар үшін тұрғын үй салумен айналысқан Ермек Қасенов Жақсылық Шалабековке бюджет қаражатын жымқыру схемасын ұсынған. Аталмыш схемаға сәйкес, ол мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша аванстарды аудару туралы құжаттарға қол қоюы тиіс болатын. Сол кезде Шалабеков құрылыс бөлімінің басшысы болған. Және ол осы заңсыз операцияға баруға келісмін берген.

Сот сотталушылардың іс-әрекеттерін қайта саралады, себебі сот отырысы барысында бюджет қаражатын жымқыру фактісі расталмады.

«Шалабеков пен Қасенов, сондай-ақ басқа да тұлғалар арасындағы 120 миллион теңге жымқыру және иемдену жолымен алдын ала сөз байласу фактісі сот тергеуі барысында өзінің растауын таппады. Айыптау болжамдарға негізделген, ал сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезіндегі өрескел іс жүргізу бұзушылықтарына байланысты айыптаудың негізгі дәлелдемелерін сот жол беруге болмайды деп таныған. Сондықтан сот сотталушыларға қатысты айыптауды қайта бағалады», - деді судья Саян Аққожин.

ҚР ҚК 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы (Алаяқтық) бойынша айып тағылған «Қазмегастрой» ЖШС директоры Ермек Қасенов бес жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.

Сотта Жақсылық Шалабеков пен Ермек Қасенов кінәсін мойындамады. Олардың адвокаттары мердігерге аванс беру мемлекеттік сатып алу туралы заңға қайшы келмейтінін мәлімдеді.

Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ және жоғары тұрған сотқа шағымдануға болады.


Фото: exclusive.kz
Соңғы жаңалықтар