Қарағандыда қарбыз, өрік, қараөрікте нитраттар нормадан жоғары екені анықталды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда «Темірлан» базарында қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасының қызметкерлері көкөністер мен жемістерде нитраттар нормадан жоғары екенін анықтады, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

Қарағанды облысы Октябрь ауданы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мамандары «Ұлттық сараптау орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны филиалының мамандарымен бірлесіп «Қауіпсіз өнімді таңда»  акциясын өткізді.

«Сатып алушыларға сатып алған өнімдерінің микробиологиялық көрсеткішке тексеріп, өнімде қанша нитрат барын білуді ұсынды.  Барлығы  55 сынама тексерілді.  Қарбыз, өрік, лимондарда  селитра көп екені анықталды.    Қарбызда  62 мг/кг және 72 мг/кг қалыпты кезде  60 мг/кг. Өрікте  - 80 мг/кг қалыпты кезде  60 мг/кг. Қараөрікте  - 69 мг/кг, 72 мг/кг, 77 мг/кг қалыпты кезде 60 мг/кг. Лимонда 63 мг/кг қалыпты кезде 60 мг/кг», - деп хабарлады басқарманың тағам бөлімінде. 

 «Темірлан» базарының директорына аумаққа сапаға сәйкес келмейтін тағам өнімдерін сатуға жол бермеу ұсынылды.

Соңғы жаңалықтар