Қарағандыда қайта жөндеуден өтетін хайуанаттар бағы қандай болмақ

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандының хайуанаттар бағының ескі ғимаратын бөлшектеп, орнына жаңа ғимаратты салу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағандыда қайта жөндеуден өтетін хайуанаттар бағы қандай болмақ

Құрылыс жұмыстары 2018 жылдың сәуір айында басталған.

«Дәл қазір зообақтың аумағында орналасқан апатты ескі ғимаратты бөлшектеп жатырмыз. Ол қайта жөндеуге келмейді. Оның орнына жануарларды қыста ұстауға арналған жаңа құрылыс салынады. Ғимарат хайуанаттар бағын салудың заманауи ұстанымдарына сәйкес жобаланды. Павильондар климаттық қондырғылармен жабдықталатын болады», - деді қарағандылық хайуанаттар бағының директоры Мәдина Әшірова.

Қайта құрылыс жүргізудің жобасын зоолог мамандардың көмегімен «Азаматтық жоба» институтының қызметкерлері жасап шығарды.

Бұдан бөлек, қаумалдар мен торлардың ішкі дизайны эстетикалық та, инновациялық талаптарға да жауап беруі тиіс. Жаңа ғимарат холлының орталық бөлігі үш қаббаты атриум іспеттес болады.

М. Әшірова келушілер бірінші қабаттан қолтырауындар мен тасбақаларды тамашалай алатынын айтты. Екінші қаббата аквариумдардағы балықтар, рептилиялар мен құстар орналасады. Үшінші қабатта 46 адамға шақталған көрме мен мәжіліс залдары болады.

null