Қарағандыда қазақ күресі бойынша әлемнің ІІ-ші кубогы мен Азияның VIII чемпионаты өтеді

ҚАРАҒАНДЫ. 15 желтоқсан. ҚазАқпарат - 16-18 желтоқсан күндері Қарағандыдағы С.Сәпиев атындағы Боксты дамыту орталығында қазақ күресі бойынша әлемнің ІІ-ші кубогы мен Азияның VIII чемпионаты өтеді. Бұл туралы облыстық туризм, спорт және дене шынықтыру басқармасынан хабарлады.

Қарағандыда қазақ күресі бойынша әлемнің ІІ-ші кубогы мен Азияның VIII чемпионаты өтеді

«Әлем кубогына Қазақстан, Армения, Қырғызстан, Латвия, Эстония, Германия, Польша, Грекия, Қытай, Пәкістан және т.б. мемлекеттерден 120-дан астам спортшының қатысуы күтілуде», - деді ұйымдастыру комитетінен.

Әлем кубогының ашылу рәсімі 17 желтоқсанда С.Сәпиев атындағы Боксты дамыту орталығында өтеді. Осы күні кездесу қорытындылары бойынша чемпиондар мен жүлдегерлерді марапаттау өтеді.

18 желтоқсанда қазақ күресі бойынша Азия чемпионаты өтеді.