Қарағандыда Кеңес Одағының батыры Нүркен Әбдіровтің ерлігі сахналанды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театры Кеңес Одағының Батыры Нүркен Әбдіровтің 100 жылдық мерейтойына орай «Қыран қазақ» спектаклін сахналады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағандыда Кеңес Одағының батыры Нүркен Әбдіровтің ерлігі сахналанды

Спектакльдің премьерасы 5 мамырда Станиславский атындағы театрдың сахнасында өтеді.

Пьеса авторлары - ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, актёр-драматург Кеңес Жұмабеков пен оның ұлы Мейрам Жұмабеков. Қоюшы режиссер - Ш. Айманов атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты Қуандық Қасымов. Қоюшы суретші - ҚР еңбек сіңірген қайраткері Есенгелді Тұяқов.

Нүркен Әбдіровтің рөлін екі актер сомдайды: Бауыржан Нұрмағамбетов және Ақай Жұмамұратов. Батырдың анасының рөлін Нұржібек Жансүгірова мен Бижамал Кемалова орындайды.