Қарағандыда көпқабатты үйдің терезесінен екі жасар бала құлап, мерт болды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда көпқабатты үйдің терезесінен екі жасар бала құлап кеткен. Сәби алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Қайғылы жағдай 9 мамыр күні Қарағанды қаласының Степной-3 шағынауданында болған.

«2021 жылы туған бала 7-ші қабаттағы пәтердің терезесінен құлап, алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды», - деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Құтқарушылар ата-аналар мен ересектерге қауіпсіздік шараларын сақтау керектігін тағы да еске салады.

Балалардың терезелер мен балкондардан құлап кетуіне жол бермеу үшін келесі қауіпсіздік шараларын сақтау керек:

- кішкентай балаларды қараусыз қалдырмаңыз;

- баланың терезеге көтерілуіне жол бермеу үшін жиһаздың барлық түрлерін терезелерден алыстатыңыз;

- масалардың торларына сенбеңіз;

- балаға терезені бірнеше сантиметрден артық ашуға мүмкіндік бермейтін терезелерге арнайы бекіткіштер қойыңыз;

- балаларға ашық терезеге шығудың қауіпті екенін түсіндіріңіз;

- егер құлыптау құрылғысын орнату мүмкін болмаса, терезенің тұтқасын қажет болған жағдайда бұрап алып тастаңыз.

Барлық оқиғалар мен ТЖ фактілері туралы – 112, 101 немесе 8(7212) 43-36-36, 43-37-37 телефондарына хабарласуға болады.


Соңғы жаңалықтар