Қарағандыда көппәтерлі тұрғын үйдегі өрт салдарынан екі адам көз жұмды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды қаласындағы Октябрь ауданының 17 шағын ауданында көпқабатты тұрғын үйді өрт шалды, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметінен.

Қарағандыда көппәтерлі тұрғын үйдегі өрт салдарынан екі адам көз жұмды

18 ақпан күні түнгі сағат 03.24-те 5 қабатты үйдің 3-қабатындағы пәтерден өрт шыққан. Ол сағат сағат 4-тен 5 минут кеткенде анықталып, сағат 04.32-де ауыздықталды.

Өртті сөндіру жұмыстарына ҚР ТЖМ Қарағанды облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметінің жеке құрамнан 18 адам мен 5 техника жұмылдырылды. Тілсіз жау жалпы көлемі 20 шаршы метр аумақты шарпыған. Өрт кезінде тұрғын үйден 16 адам, оның ішінде 3 бала сыртқа шығарылды.

Өрт салдарынан екі азамат - 1964 жылы туылған П.Германюк және 1930 жылы туылған З.Германюк көз жұмды.