Қарағандыда көппәтерлі үйде газ баллоны жарылды - ТЖД (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды қаласында 23-ші шағын аудандағы көп пәтерлі үйде баллондағы газдың шығуы салдарынан қопарылыс болды. Апаттан 3 адам зардап шекті, оның біреуі 6 жасар бала, деп хабарлайды облыстық ТЖД-ның баспасөз қызметі.

Қарағандыда көппәтерлі үйде газ баллоны жарылды - ТЖД (ФОТО)

«23 қаңтарда сағат 15:50-де «112» нөміріне Қарағанды қаласы Октябрь ауданы 23-шағынауданың №8 үйінде жарылыс болғаны жөнінде хабар келіп түсті», - делінген хабарламада.
Оқиға орнына Қарағанды облыстық ТЖД-ның және оған бағынысты құрылымдық бөлімшенің күштері жіберілген.
Апат орнына келіп жеткен құтқарушылар үйдің 4-ші қабатындағы
№11 пәтерде газ қоспасының жарылғанын анықтады (5 литрлік газ баллоны).
Жарылыс салдарынан №11 пәтерде 40 шаршы метр аумақта бөлмелердің арақабырғасы (ас үй, жуынатын бөлме, дәліз және қонақ бөлмесінің жарты қабырғасы) құлаған, №11 және №12 пәтердің арасын бөлетін қабырға құлаған (18 ш.м.) №12 және №23 пәтер аралығындағы қабырға қисайған, №11,12,15 пәтерлердің терезелері сынған. Жүктеме түсетін сыртқы қабырғаларда көзге көрінетін бүліну жоқ, №11 және 3 қабаттағы №7 пәтер арасындағы жабынды плита майысқан.

Үш адам жарақат алды: №11 пәтерде 1976 жылы туған ер адам мен 1972 жылы туған келіншек күйікке шалдыққан, олар Мақажанов атындағы емханаға жатқызылды, көршілес №12 пәтердегі алты жасар ұл бала түрлі жарақаттармен (алдын ала диагноз: жабық бас жарақаты, мидың шайқалуы, иықтың сынуы) Облыстық медициналық орталыққа жатқызылды.
15 адам қауіпсіз жерге көшірілді.
Үйдегі жылу жүйесіне зақым келмеген. Осы кіреберіс толығымен электр тоғынан ажыратылды. Баспанасына зақым келгендер туған-туыстарының үйлеріне орналастырылды. Уақытша баспанаға мұқтаждарға қала әкімдігі кәсіби лицейдің №2 жатақханасын әзірлеп қойды.
Апаттық-құтқару жұмыстарына 77 қызметкер және 21 техника жұмылдырылды.
null null null null null null null null null null null null