Қарағандыда креативті шыршалардың бірінші фестивалі өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағандыда қазылар алқасы ең креативті шыршаны таңдады. Қалалық жаңа жылдық фестивальға 21 ұйым қатысты. Байқауға қатысқан шыршаларды Каскад алаңында, Жауынгер-Интернационалистер көшесінде көруге болады, деп хабарлайды Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
None
None

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, алғашқылардың бірі болып өз шыршасын «Карағанды Су» компаниясы орнатты. Ол су өлшеуіш шлангпен оралған пальма іспеттес. Осындай инсталляция арқылы құрастырушылар жер бетінде өмір үшін судың маңызды екенін және де адамдарға табиғи қорды сақтау керектігін көрсеткілері келген.

Ең сәнді шыршалардың бірі саябақтар және гүлзарлар басқармасының орнатқан шыршасы болды. Мекеме қызметкерлері оны лакпен қапталған бұталардан жасап, кенеп пен жұқа киізден жасалған кішкентай ойыншықтармен безендірген. Байқаудағы ең үлкен шыршаны «АрселорМиттал Теміртау» көмір департаменті орнатты. Оның биіктігі - 6 метр. Ол бутафорлық көмірден құралған, және ішінен қызыл шамдармен жарықтандырылады. Биіктігі жағынан екінші орында тұрған шыршаны «Благоустройство» КММ жасаған.

«Ол біздің көшелерді тазартуға арналған техниканың қылшықтарынан құрастырылған. Кешкі уақытта ол жарықтандырылады. Төбесінде жұлдыздың орнына шамшырақ орнатылған, - дейді «Благоустройство» КММ абаттандыру бойынша директоры Арман Сәрсенбаев.

Сонымен қатар алаңда қарағандылық ЖОО ұсынған байқаулық жұмыстар бар. Қарағанды экономика университетінің студенттері шыршаның орнына мантия киген манекен орнатқан, оның жан жағына вертикалды түрде дипломдық жұмыстар, сынақ кітапшалары, курстық жұмыстар мен рефераттар ілініп, маңдайшасы қызыл дипломмен безендірілген. Байқауға қатысқан шыршаларды арнайы қазылар алқасы бағалады. Төрелер комиссиясының құрамына сәулетшілер, дизайнерлер және қаламыздың бас суретшісі Юлия Плужникова кірді.



«Алған әсеріміз тамаша. Егер жыл сайын осындай байқаулар өткізіп отыратын болсақ әрине, жақсы болар еді. Біздің бағалау критерийлеріміз қарапайым - композиция ерекше және біртұтас болуы тиіс. Кейбір бөлшектер ортақ көріністен бөлінбеуі керек. Әр композицияда өзіндік кемшіліктер бар, алайда артықшылықтары одан да көп», - деп бағалады қатысушылардың жұмыстарын қазылар алқасының мүшесі Жанат Комутов.

Нәтижесінде «АрселорМиттал Теміртау» АҚ көмір департаментінің шыршасы ең үздік деп табылды. Екінші орынды «Благоустройство» кәсіпорнының жұмысы иеленді. Үшінші орын ЭТЖ бағаналары түрінде жасалған «Қарағанды Жарық» қызметкерлеріне берілді.

Соңғы жаңалықтар