Қарағандыда Құрбан айт кезінде құрбандық шалу рәсімін жүзеге асырудың арнайы орындары белгіленді

РАҒАНДЫ. 3 қараша. ҚазАқпарат /Ольга Петренко/ - Қарағанды қаласының билігі қасиетті Құрбан айт мерекесі кезінде құрбандық шалу рәсімін жүзеге асырудың арнайы орындарын нақтылады. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қарағандыда Құрбан айт кезінде құрбандық шалу рәсімін жүзеге асырудың арнайы орындары белгіленді

Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, қарағандылықтар дәстүрлі құрбандық шалу шарасын екі орында: ескі әуежайдың бұрынғы ұшу алаңы аумағында және Бала қажы атындағы №2 мешіттің аумағында жүзеге асыра алады. Онда құрбандық малдарды союға арналған алаңқайлар мен көлік тұрақтары дайындалады.

Мұсылмандардың қасиетті Құрбан айт мерекесі биылғы жылы 6-8 қараша аралығында атап өтіледі.