01:30, 01 Қаңтар 2020 | GMT +5
Қарағандыда құтқарушылар балалар үйінің тәрбиеленушілерін жаңа жылмен құттықтады
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен ведомстволық бағынысты мекемелері бірнеше жыл қатарынан «Құлыншақ» балалар үйінің балаларына қолдау көрсетіп келеді.
2019 жылғы 30 желтоқсанда Департамент басшылығы мен қызметкерлері Жаңа жылдық кешке қатысты. Бүлдіршіндер мен барлық тәрбиелеушілер ұжымын шын жүректен Жаңа 2020 жылмен құттықтады.
«Құлыншақ» тәрбиеленушілері барлық балалар сияқты жаңа жыл алдында тәтті сыйлықтар алды.
«Көмегін аямай, қызметкерлердің балалар үйінің өміріне белсене қатысып, жан жомарттығын танытқаны үшін, «Құлыншақ» балалар үйінің директоры Буркеева Светлана Маратқызы Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Күлшімбаев Ибрагим Дәукесұлына алғыс білдірді»,-делінген Қарағанды облыстқ Төтенше жағдайлар департаменті.