Қарағандыда КВИ-де емдеуге арналған госпитальдерді қайта қосылып жатыр

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында КВИ емдеуге арналған госпитальдерді қайта іске қосу басталды. Коронавирус инфекциясымен ауырғандар санының өсуіне байланысты өңірде науқастарды емдеуге арналған төсек орындар біртіндеп ашыла бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Қарағанды облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Гамаль Тоқсамбаев инфекциялық стационарлардағы төсек қорының көбеюі туралы мәлімдеді.

«Соңғы аптрада бір КВИ науқастары санының артуын байқап отырмыз. Тәулігіне 95 адамға дейін тіркелуде. Эпидемиялогиялық зерттеулер көрсеткендей, аурушаңдықтың өсуіне наурыз айындағы мерекелер әсер еткен. Карантин шараларының күшейтілуіне қарамастан, адамдар бір-бірлерімен көздесіп, өзара тікелей байланысқа түсуін доғармаған. Сондықтан осындай өсім болды. Қазір төсек-орын қорына жүктеме артты. Біз коронавируспен ауыратындар үшін қосымша орын дайындау жөнінде шешім қабылдадық. Бізде 2 мыңнан астам төсек-орын резервте тұр, оларды біртіндеп қайта іске қосып жатырмыз», - деп атап өтті Гамаль Тоқсамбаев.

Оның айтуынша, жалпы алғанда 700-ге жуық төсек-орын ашылды. Келесі аптаға дейін тағы 400-ін ашу жоспарланып отыр.

Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуде проблема жоқ. Ауруханаларда дәрі-дәрмектің жеткілікті қоры бар.

Емханалар жанындағы мобильді бригадалар өз тиімділігін көрсетті, деп атап өтті басқарма басшысы. Қарағанды бойынша олардың саны 300-ден асады. Мобильді бригадалардың жұмысын кешкі сағат онға дейін ұзарту көзделіп отыр.

Өткен жылы мобильді бригадалар көлікпен қамтамасыз етілді. Барлығы 102 санитарлық машина сатып алынды.

Сондай-ақ, медициналық инфрақұрылымды нығайтуға қомақты қаражат жұмсалды. Бүгінгі күні облыста 26 компьютер томографы, КВИ бар пациенттерге арналған 364 ӨЖЖ аппараты бар. 40 сандық рентген-аппарат, 2 800 оттегі концентраторы және басқа да жабдықтар сатып алынды. 25 медициналық ұйымда оттегін орталықтан беру жүйесі жүргізілді.

«КВИ-дің алғашқы толқынындағы тәжірибе мен қателіктерді ескере отырып, бүкіл денсаулық сақтау жүйесінің жұмысы күшейтілді», - деп атап өтті Гамаль Тоқсамбаев.


Соңғы жаңалықтар