Қарағандыда қыркүйектің 1-інен бастап жолаушылар көлігінде жүру ақысы қымбаттайды

ҚАРАҒАНДЫ. Тамыздың 20-сы. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағандыда қыркүйектің 1-інен бастап қалаішілік жолаушылар тасымалдау көліктерінде жол жүру ақысы 50 теңгеге дейін көбейтіледі (автордан - осыған дейінгі тариф - 30 теңге). Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне қала әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

Дегенмен, әлеуметтік қорғалмаған тұрғындар: ҰОС ардагерлері, мүгедектер, зейнеткерлер, оқушылар мен студенттерге арналған жеңілдіктер сақталады, деп атап өтті қала әкімінің баспасөз қызметінен.

«Қарағандыдағы жолаушылар тасымалдау көліктеріндегі баға құны бес жыл қатарынан еш өзгеріске ұшырамады, соның салдарынан автобус парктері жаңа автобустар алуға қаржыны жеткізе алмай келді. Енді, тарифтің көбеюімен, тасымалдаушылар жылжымалы құрамды жаңартпақ. Алдағы жылдың өзінде қосымша 100 автобус сатып алу жоспарланып отыр», - дейді қала әкімінің баспасөз қызметіндегілер.

Соңғы жаңалықтар