Қарағандыда «Мәміле» қазақ тілі клубы ашылды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыдағы Достық үйінде «Мәміле» қазақ тілі клубы ашылды, деп хабарлайды өңір басшысының ресми сайты.
None
None

Мұнда барлық ниет білдірушілер келіп, өздерінің мемлекеттік тілді үйренудегі машықтарын дамыта алады. Клубқа мүше ретінде тіркелу тегін.

Тілдер ресурс орталығының директоры Гүлнәз Мұстағұлованың айтуынша, клубты ашуға «Ситуативті қазақ тілі» атты оқулықтың авторы Қанат Тасыбеков бастамашы болған.

«Қанат Тасыбеков өз тәжірибесі бойынша қазақ тілін үйренудің авторлық әдістемесін құрған. «Мәміле» клубында кітаптар, дәптерлер және грамматиканы жаттау болмайды. Оның орнына қызықты әңгімелер мен ойындар ұйымдастырылады», - дейді тілдер ресурс орталығының директоры Гүлнәз Мұстағұлова.

Аптасына бір рет, әр жексенбі сайын клуб мүшелері Достық үйінде, 101 кабинетте 16-00 кездесіп отырады.

Соңғы жаңалықтар