Қарағандыда мемлекеттік рәміздердің 25 жылдығына арналған форум өтті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағандыда облыс әкімінің қатысуымен Қазақстанның мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығына арналған «Ұлы Дала Елінің рәміздері жасасын!» атты форум өтті, деп хабарлайды облыс әкімінің ресми сайты .
Форумға Қарағанды облысының қалалары мен аудандарының тұрғындары, еңбек ардагерлері, Қазақстан халқы Ассамблеясының, этномәдени ұйымдардың өкілдері, депутаттар, қоғам, мәдениет қайраткерлері, студенттерден құралған 3000-нан аса адам қатысты.
Форумға қатысушыларды облыс әкімі Ерлан Қошанов құттықтады.
«Мемлекеттік рәміздер әрдайым ұлттың мақтанышы болды және болады», - деді облыс әкімі. - Олар әлемге оның бейнесін, бірегейлігін, құндылығын ашып көрсетеді. Әрқайсымыздың санамызда рәміздер Отанды бейнелейді, - деді.
«Мен үшін біздің рәміздер - жеңістер мен жетістіктердің белгісі, - деді «КазПласт» және «БекемПласт» ЖШС компаниялар тобының бас директоры Сергей Водько.
Еске сала кетейік, 25 жыл бұрын 1992 жылдың 4 маусымда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік Елтаңба және Мемлекеттік Ту туралы Заңдарына қол қойды. Бұл күн ел тарихында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде сақталып қалды.