Қарағандыда «Мен Қазақстандықпын» бірлік клубының отырысы өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды қаласы Жастар ресурстық орталығы «Дом талантов» мекемесінде оқушылар мен колледж студенттері арасында «Мен Қазақстандықпын» атты бірлік клубының отырысын өткізді. Бұл туралы ҚазАқпарат қала әкімінің сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қарағандыда «Мен Қазақстандықпын» бірлік клубының отырысы өтті

Іс-шараның мақсаты - Қазақстан халқының ұлттары арасында бірлік пен құрмет құндылықтарын тәрбиелеу, ұлттық мәдениеттер мен дәстүрлерді зерттеуге ынталандыру, жастардың мәдени көкжиегін кеңейту.

Отырыс барысында қатысушылар 4 топқа жеребе арқылы бөлініп, ұлттарды таныстыру бойынша тимбилдингке қатысып, сондай-ақ әртүрлі ұлттардың танымал тұлғаларын таныстырды.

Қатысушылар бір-бірімен әртүрлі тілде сәлемдесуді үйренді және де өзге ұлттың ойындарын ойнап, әлемнің әртүрлі халықтарының көптеген өзгешеліктерін танып білді.

Кездесу соңында Бірлік клубының мүшелеріне сертификаттар табысталды.