Қарағандыда «Мерейлі отбасы» байқауының облыстық кезеңінің жеңімпаздары анықталды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда «Мерейлі отбасы» республикалық байқауының облыстық кезеңі өтті. Оған өңірдің барлық қалалары мен аудандарынан 19 отбасы қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыстық турға өтер алдында қатысушылар өңірлік кезеңдердегі жеңіс үшін жарысты. Қазылар алқасының мүшелері отбасы тарихы мен дәстүрлеріне, бірнеше ұрпақта белгілі бір мамандықты ұстануына және отбасындағы балалар санына назар аударды.


«Маған осы байқауға әкімдік қызметкерлері қатысуға ұсыныс жасады, себебі мен көпбалалы әкемін – менің бес балам бар. Мен өзім де он баланың бірімін, менің ата-анамда 25 немересі бар, олардың тегі Салқауовтар. Портфолио жинау осынша қызықты болады деп күтпеген едім. Ол үшін құжаттарды дайындау қызықты болды. Мен оларды екі апта бойы жинап, отбасы туралы көптеген қызықты мәліметтерді білдім. Мен кей деректерді білмеппін, ал кейбірін ұмытып та қалыппын. Бұл бір қызықты тәжірибе болды. Барлық туыстарымыз жұмылды. Біз өз отбасымыздың тарихын балаларға айтып, оны білу маңызды екенін түсіндік», - деді Жезқазғаннан келген байқауға қатысушы Қайрат Тағамбаев.
Айта кету керек, облыстық кезеңде отбасыларды іріктеу өлшемшарттары аймақтық кезеңдердегідей болып қала берді. Алайда бәсекелестік айтарлықтай жоғарылай түсті.
Мысалы, Жезқазғаннан келген Стамқұловтар отбасында - 11 бала, 33 немере, 17 шөбере сүйіп отыр. Отағасы Әлирахман Стамқұлов 20 жыл мектеп директоры болып жұмыс істеген, «Қазақ ССР халық ағарту ісінің үздігі» белгісімен марапатталған. Оның жұбайы Роза Секеманованың айтуынша, барлық отбасы жиі бас қосады екен.
Байқауға Қарағанды қаласының танымал отбасылары да қатысты. Мысалы, «Дарынды бала» жекеменшік балабақшалар желісінің және «Дарынды Ана» коворкинг-орталығының негізін қалаушы Айнагүл Хамитованың жанұясы. Бизнес ханым өз отбасын мақтан тұтады. Ол өзі бес баланың анасы. Оның атасы Төлеухан Хамитов – ҰОС батыры. Анасы Сәния Хамитова өмір бойы аудандық емханада дәрігер болып жұмыс істеген.
Байқаудың облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша үшінші орын Стамқұловтар отбасына бұйырды. Екінші орында - Жезқазған қаласының Салқауовтар отбасы. Республикалық комиссияның шешімімен олар Нұр-Сұлтанда өтетін байқаудың ақтық сайысында Қарағанды облысын таныстыратын болады.
«Біз финалға толық дайынбыз. Қазір облыстық кезеңде барлық отбасымыз толық жиналған жоқ. Қарындасым мен келінім жуырда босанып, мұнда келе алмады. Бірақ республикалық кезеңге барлығы келіп, залдың көп бөлігін аламыз, отбасымыз шын мәнінде үлкен!» – дейді Қайрат Тағамбаев.
Облыстық кезеңде бірінші орынды Хамитовтар отбасы иеленді.
Барлық қатысушылар естелік марапаттарға ие болды. Жеңімпаз атанған Хамитовтар отбасына 10 күнге «Жартас» шипажайына жолдама берілді.


Соңғы жаңалықтар