Қарағандыда мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін «Жан шығармашылығы» дәстүрлі облыстық фестивалі өтіп жатыр

ҚАРАҒАНДЫ. Шілденің 10-ы. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағандының Мәдениет және демалыс орталық саябағында сенбі, шілденің 10-ы күні «Жан шығармашылығы» ХІІ облыстық фестивалі өтуде. Ұйымдастырушы - облыстық мәдениет басқармасы - бұл іс-шараны екі атаулы күнге: Ұлы Отан Соғысындағы Жеңістің 65 жылдығы мен Қазақстан Республикасы Конституциясының 15 жылдығына арнап отыр.

Қарағандыда мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін «Жан шығармашылығы» дәстүрлі облыстық фестивалі өтіп жатыр

Фестивальға облыстың аудандары мен қалаларынан 200-ден астам қатысушы жиналды. Мүмкіндігі шектеулі адамдардың қолдарынан шыққан өнер туындылары арнайы көрмеде қойылған. «Ұлы Жеңіске арналады...» гала-концертінде көркемөнерпаздар мен мүгедектер қоғамының ұжымдары өз өнерлерін көрсетуде. Сонымен қатар, акция шеңберінде дойбы мен шахматтан жарыстар ұйымдастырылуда.