Қарағандыда мысықты тірідей өртеген адам іздестірілуде

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Жануарларды қорғау жөніндегі бірнеше қоғамдық бірлесіктердің өкілдері мысықты тірідей өртеп және оның видеосын әлеуметтік желілерге салған тұлғаны іздестіріп жатыр, деп хабарлйды ҚазАқпарат тілшісі.

Қоғамдық бірлестік өкілдері құқық қорғау органдарынан жануарды қорлап және оның видеосын әлеуметтік желіге жүктегендерді анықтап, жазалауды сұрап отыр.

«Әлеуметтік желіні пайдаланушылардың құқықтары туралы айтатын уақыт келді. Мұндай видеоларды салып және оны әлеуметтік желілерде белсенді таратқандар ҚР ҚК 313-бабына сәйкес жазаланады», - деді қоғамдық бірлестіктің еріктісі.

10 секунттық видеода Қарағандыдағы жеке ойын-сауық кешендерінің бірінде болған оқиғада белгісіз  адам  мысықты тірідей өртеп және ол ісінен рахат алғаны бейнеленген.

Соңғы жаңалықтар
telegram