Қарағандыда онлайн шаңғы жарысы өтеді
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Белсенді және салауатты өмір салтын ұстанушылар шаңғы жарысына «Қарлы үштік» деп аталады. Оның облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасы және облыстық қысқы спорт түрлері мектебі ұйымдастырады. 13 ақпанда өтетін жарыс Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыстың барлық қаласы мен аудандарында үш шақырымдық шаңғы жарысы онлайн режимінде өтеді. Оған барлық спортшы қатыса алады. Жарыс сағат 11.00-де басталады.
Бірақ, ең алдымен, кәсіпқойлар да, әуесқойлар да тіркелуі керек. Өзінің мәліметтерін (Т. А. Ә., тұрғылықты жері, туған күні, ұялы телефон нөмірі) көрсете отырып, жарыстарға қатысуға өтінімді wintersport_kz@mail.ru электрондық поштасына жіберу қажет.
Өтінімдер 10 ақпан сағат 09.00-ден 13 ақпан сағат 00.00-ге дейін қабылданады. Содан кейін STRAVA мобильді қосымшасының көмегімен шаңғы жарысын жазып, қашықтықты жүріп өту қажет.
Синоптиктер 13 ақпанда жақсы ауа-райын болжап отыр. Жүріп өткен соң қолданбаның скриншотын өтініш берген поштаға жолдау керек. Скриншотта жарыс күні, уақыты, қашықтығы және нәтижесі, сондай-ақ жеке мәліметтер көрсетіледі.
Ол 14 ақпан сағат 11.00-ге дейін қабылданады.
Әр жас тобындағы жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері естелік медаль беріледі. Қалғандарына қатысушы сертификаты табысталады.