Қарағандыда оркестрлер шеруі өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қарағандыда алғаш рет балалардың ән және музыкалық ансамбльдері мен оркестрлер шеруі өтті. 

Қарағандыда оркестрлер шеруі өтті

null

Қалада шеруге қатысушылар шараны Тәуелсіздік алаңынан бастады. Музыканттар мен бишілер сап түзеп, Каскад алаңының үстімен, сонан соң Жауынгер-Интернационалистер көшесін бойлап, орталық саябақтың басты аллеясымен жүріп өтіп, салтанатты бағдарламаға қатысты, деп хабарлайды karaganda-region.gov.kz .

 - Шеруге дайындықты қыста бастағанбыз, - дейді Аманжолов атындағы музыкалық мектептің директоры Сәулеш Мәдиева. - Біз тыңғылықты дайындалдық, бірнеше рет жаттықтық. Балалар жүріп келе жатып аспапта ойнауға машықтану үшін мектебіміздің маңайында сап түзеп жүрдік. Домбыралар үшін арнайы бау жасадық, ал қобыздар белбеумен бекітілді. Шеру барысында оларды ұстап жүру ыңғайлы болуы үшін. Бүгінгі шараға біздің мектебімізді 50 бала мен 7 ұстаз қатысты. Негізінен, вокал бөлімі мен қазақ ұлттық аспаптар бөлімшесінің оқушылары. Қазақтың ұлттық «Әттең-ай» әнін таңдадық. 
Шеруге хореографиялық ансамбльдер де қатысты. Алдын ала дайындық барысында олар жүріп бара жатып билеуді ғана емес, қимылдарын оркестрлік музыканың ырғағына сай жасауды үйренген. 
- Иә, біз ұзақ уақыт дайындалдық, - дейді №2 өнер мектебінің «ЮНЕСКО» хореография клубының ұстазы Олеся Грибоедова. - Балаларға алдымен қимылдарды үйреттік, сонан соң оркестрмен бірге келісіп, бірге жаттықтық. 
Біз мезгілде сап түзеп жүру және музыка ойнау оңайға соқпады. 
- Біз үрмелі аспаптар оркестрінде ойнаймыз, - дейді мамандандырылған музыкалық мектеп-интернаттың тәрбиеленушілері Владислав пен Константин. - Жүріп бара жатып ойнау ыңғайсыз - аспаптарымыз жеңіл емес, деміміз бұзылып кетеді. Біз үш шығарма орындадық: «Орманшы маршы», «Гренадера» және «Славянканың қоштасуы». Бір мезгілде жүріп бара жатып ойнауды үйренуге тура келді. Спорт залдарында және оркестр залдарында дайындалдық. 
Алғашқы оркестрлер шеруін ұйымдастыру ҚР Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен жүзеге асырылды.

null null null 

Шеруге барлығы 2200 музыканттар мен бишілер қатысты.