10:58, 05 Ақпан 2019 | GMT +5
Қарағандыда өрт кезінде үш бала ыстан уланды
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - 4 ақпанда Октябрь ауданы 15-шағын аудандағы тоғыз қабатты тұрғын үйде өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ ТЖК-ға сілтеме жасап.

«Өрт 8-қабаттағы 10 шаршы метрлік пәтерде болған. Өрт сөндірушілер 13 адамды, соның ішінде 7 баланы құтқарып қалды. Тілсіз жау 22.36-да ауыздықталып, 22.43-те сөндірілді. 2011, 2014 және 2018 жылғы балалар ысты газдан уланып, ауруханаға түсті. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Өрт шыққан жерге жеке құрамнан 25 адам және Қарағанды облыстық ТЖД 8 техникасы тартылды», - делінген хабарламада.