19:45, 26 Наурыз 2015 | GMT +5
Қарағандыда Орталық әмбебап дүкенінің зергерлік бөлімі тоналды
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды қаласында полицейлер Орталық әмбебап дүкеннің зергерлік бөлімін тонаған қаскүнемдерді іздестіруде, деп хабарлады облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен.

24 наурыз күні таңғы сағат 7-нің шамасында қаскүнемдер Орталық әмбебап дүкеннің шыны есіктерінің бірін сындырып кіріп, ондағы зергерлік бөлімдердің бірінен алтын бұйымдарын алып кетті.
ҚР ҚК-нің 188 бабының 2 бөлімі («Ұрлық») бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Қылмысты ашуға криминалдық полицияның үздік тергеушілері қатыстырылып, келтірілген шығын анықталуда», - деді облыстық ІІД баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Құдияров.