Қарағандыда отбасылық денсаулық орталығы ашылды
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды қаласында отбасылық денсаулық орталығы ашылды. Мекемеде терапевттер, педиатрлар және акушер-гинекологтар науқастарды қабылдайды, деп хабарлады өңір басшысының ресми сайты .
Ержанов еөшесі 28/2 мекенжайы бойынша орналасқан жаңа отбасылық денсаулық орталығы - бұл №1 емхананың филиалы болып табылады. Мұнда кең профильді дәрігерлердің қаралуына келіп, анализ тапсырып, рентген, УДЗ және ФГДС өтуге болады. Жуырда жылжымалы кесте бойынша мұнда салалық мамандар қабылдау жүргізеді. Сонымен қатар шағын емхана заманауи техникамен және дәрігерлерді қағазбастылықтан арылтып жұмыстарынң оңтайландыруға мүмкіндік беретін ақпараттық жүйемен қамтылған.
- Біздің орталықтың ашылуы емханадағы дәрігерлеріміздің жұмысын біршама жеңілдетіп, дәрігерлерге кіруге кезектерді қысқартуға мүмкіндік береді. Меніңше ол өте тамаша. Бізде науқастардың жайлылығы мен дәрігерлер жұмысының сапасын арттыруға барлық қажетті жағдай жасалған, - деді №1 емхана директоры Роза Разиева. Қазірдің өзінде орталыққа 20 000 адам тіркелген.
Бүгін отбасылық денсаулық орталығында Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов болып қайтты.
- Бұл орталықты біз мемлекеттік - жекешелік әріптестік принципі бойынша аштық. Біз әрдайым бизнесмендеріміздің жұмысына қолдау көрсетеміз. Олар үшін жағдай жасап, түрлі мәселелерді шешеміз, ұзақмерзімді мемлекеттік тапсырыс береміз. Осылайша, бизнес сенімді серіктес ретінде мемлекетпен қызмет етеді. Бұл мемлекет үшін де, кәсіпкерлер үшін де тиімді. Бүгінгі таңда біз МЖС желісі бойынша 21 жобаны іске асырдық. Бұл еліміз бойынша үздік көрсеткіштер. Осындай әріптестіктің арқасында біз көптеген әлеуметтік мәселелерді шештік. Егер осының барлығы бизнестің көмегінсіз шешілер болса, бірнеше жылға созылып кетер еді, - деді ол.
Айта кеткен жөн, инвестор орталықтың құрылысына 400 миллион теңге жаратқан.