Қарағандыда парамен ұсталған «Қазақавтожолдың» басшылары тергеу изоляторынан босатылмады
Сондай-ақ, «Ақжол ДС» Алматы жол-құрылыс мердігер компаниясының екі басшысы Мұқан Ыбышев пен Бекболат Жақпаров босатылмады.
Аталған төрт азамат Қарағанды облыстық сот алқасынан «қамауда ұстау» бұлтартпау шарасын кепіл немесе қаладан шықпау туралы қолхатқа ауыстыруын сұрады. Барлық төрт өтінішті Қарағанды облыстық сотының судьясы Қайыркен Төлеуов қарады. Алайда, прокурор олардың тергеу барысына кедергі келтіретіндігін алға тартып, соттан өтінішті қанағаттандырмауын сұрады.
«Ғаділ Мұқановтың апелляциялық өтінішін қанағаттандырмай, бірінші инстанциядағы соттың үкімін заңды деп табу туралы үкім шығарылды», - деді облыстық соттың қылмыстық істер бойынша апелляциялық алқасының судьясы Қайыркен Төлеуов.
Олар тергеу кезінде тергеу оқшаулағышында болады. Сондай-ақ «Қазақавтожол» бөлімшесі басшысының орынбасары Ержан Отаровқа қатыста бірнеше атқару өндірісі ашылды. Сот белгілегендей, Отаров қалталы қарағандылықтардан ақша алып, белгіленген мерзімде қайтармаған. Қарыз алу келісімдері мен қолхаттардың арқасында жәбірленушілер сотта жеңіп шықты. Қарыздың жалпы сомасы 31 миллион теңгені құрайды.
Еске салайық, 15 қыркүйек күні «Қазақавтожол» республикалық мемлекеттік кәсіпорынының Қарағанды облысындағы филиалы басшысы мен оның орынбасары алматылық жол жөндеу фирмасының директорынан 17 миллион теңге көлемінде пара алды деп күдікпен ұсталған еді. «Ақжол ДС» құрылыс компаниясының екі өкілі де тұтқындалды. Шенеуніктер ҚР ҚК 366-бабы «пара алу», ал «Ақжол ДС» мердігер фирмасының жұмысшылары 367-бап «пара беру» бойынша айыпталуда.