Қарағандыда пәтердегі өрттен екі әйел мен сәби көз жұмды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды қаласында бір отбасынан үш адам өрттен көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 7 қазан күні сағат 15:08 кезінде қаланың Ермеков көшесі, 52 мекенжайындағы өрт туралы хабарлама келіп түскен.

Қызыл жалын 9-қабаттағы екі бөлмелі пәтердің 50 шаршы метр аумағын шарпыған.

Департамент күшімен кіреберіс пәтерлерінен 6 адам (оның ішінде 4 бала бар) құтқарылды.

Сондай-ақ 18 адам (оның ішінде алтауы - бала) эвакуацияланды.

Өртенген пәтерде үш адам мерт болды. Олар - 1942 және 1985 жылы туған әйелдер мен 2020 жылы туған нәресте.

Өрт 16:22 шамасында толық сөндірілді. Оқиға орнына департаменттің 32 қызметкері, 8 техника және Апаттар медицинасы орталығының бригадасы жұмылдырылған.




Соңғы жаңалықтар