Қарағандыда пиццерияда орын бермеген жасөспірімді сабап кетті

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды қаласындағы пиццериялардың бірінде орын беруден бас тартқан жасөспірімді белгісіз адамдар сабап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Қаланың оңтүстік-шығысындағы полиция бөліміне 38 жастағы тұрғын хабарласып, 11 жастағы ұлын белгісіз адамдардың ұрып-соққанын жеткізді", - деп пікір білдірді облыстық Полиция департаментінің өкілі Бақытжан Құдияров.

26 қаңтар күні жасөспірім қаладағы пиццериялардың біріне достарымен барған.

"Менің ұлым үстелде отырғанда белгісіз 6-7 жасөспірім келген. Олар ұлымды мазақтап, орын беруді бұйырған. Орын бермегендіктен оны көшеге, жеке сөйлесуге шақырған. Көшеге шыққанда жерге құлатып, жабылып тепкілеген", - дейді зардап шеккен баланың анасы.

Одан бөлек, төбелес мекеменің бейнебақылау камерасына жазылып қалған. Кадрда баланы теуіп жатқан сәттер жазылған және ақ қарда қан іздері байқалады.

Анасының айтуынша, бала қазір үйде. Ауыр жарақаты жоқ.

"Жедел іздестіру шаралары арқылы полиция оқиғаның барлық қатысушыларын анықтады. ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы, 2-бөлігі (бұзақылық, ұйымдасқан топ) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - деп түсіндірді департамент.

Соңғы жаңалықтар