Қарағандыда полицейлер бойжеткенді өзін өзі өлтіруден құтқарып, сондай-ақ газдың жарылуының алдын алды

ҚАРАҒАНДЫ. 18 ақпан. ҚазАқпарат - Қарағандыда патрульдік полиция полкінің қызметкерлері өзіне өзі қол жұмсамақшы болған бойжеткенді құтқарып қалды, сондай-ақ сондай-ақ газдың жарылуының алдын алды, деп хабарлайды Қарағанды облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметінен.
None
None

«17 ақпан күні таңертең Ерубаев көшесінде орналасқан үйлердің бірінің тұрғындары кіреберісте 29 жастағы бойжеткен тұратын пәтерден шыққан газдың иісін сезді. Тұрғындар есікті қаққанымен, оларға ешкім ашпады, содан кейін олар апаттық қызметті шақырды. Сол күні таңертең облыстық ІІД-нің Жедел басқару орталығына жас азамат хабарласып, оның жүретін қызының өзіне өзі қол жұмсауы мүмкін екенін айтты. Ол бойжеткен оның телефон шалуы мен есік қағуына жауап бермей жатқанын, ал оның пәтерінен газдың иісі шығып жатқанын хабарлады», - деп баяндады облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен.

Оқиға орнына патрульдік полиция полкінің взвод командирі, полиция лейтенанты Ержан Сағындықов, взвод командирінің көмекшісі, полиция старшинасы Айдар Мұсабеков және жүргізуші-полицей, полицияның аға сержанты Ерболат Қасеновтен тұратын жасақ жіберілді.

Газ сөндірілді, ал пәтердің иесі жедел медициналық көмек бригадасына тапсырылды.

«Бойжеткен қазіргі кезде ауруханада жатыр. Оны өзін өзі өлтіруге итермелеген себептер анықталу үстінде», - деп қосты облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар