Қарағандыда полицейлер киік мүйіздерін сатып алып жүрген ОҚО азаматын ұстады
АСТАНА. 13 тамыз. ҚазАқпарат - Жедел-іздеу шараларының барысында табиғатты қорғау және ветеринарлық полиция қызметкерлері облыстық ІІД қылмыстық полиция қызмектерлерінің көмегімен 12 тамыз күні Қарағанды вокзалынан Оңтүстік Қазақстан облысының 41 жастағы тұрғынын ұстады.
Бұл туралы Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады. Ер адам киік мүйіздерінің төрт жұбын сатып алып тұрған қылмысы үстінде ұсталды. Жалдамалы пәтерден тәртіп сақышалыр тағы 8 мүйіз тәркіледі.
Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 290 бабы - Сирек кездесетін және жоғалып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктер түрлерін заңсыз пайдалану деген айыппен қылмыстық іс тіркелген.
Сатып алушымен қатар, оған мүйіздерді сатқан Қарағандының 32 жастағы тұрғыны да қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Алынған мүйіздер сараптамаға жіберілді. Тергеу амалдары жүргізілуде.