Қарағандыда полицейлер жанып жатқан пәтерден ер адамды алып шықты

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат -  Қарағанды ІІБ жергілікті полиция қызметінің жол-патрульдік полициясы полкінің қызметкерлері жанып жатқан пәтерден ер адамды құтқарды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

  Қарағандыда полицейлер жанып жатқан пәтерден ер адамды алып шықты

13 ақпанда жол-патрульдік полиция полкі жедел басқару орталығынан Гапеев көшесі бойынша пәтерлердің бірі өртеніп жатқаны туралы шақырту алады.

 «Шақыртуға полиция сержанты Дүйсеков пен Нұрлан, сондай-ақ полиция аға сержанты Төлеу жіберілді. Полицейлер келгенде үйдің кіреберісі көк түтінге оранып жатты. Көршілері түтін кірген есікті сындыруға тырысқан», - деді өңірдің ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен.

null 

Полицейлер тұрғындарды эвакуациялады. Өздері өрт шыққан үйдің есігін бұзып, үйдің иесін іздеді. Олар ес-түссіз жатқан ер адамды тапты. Оның үстіндегі киімі бықсып жатқан. Полиция қызметкерлері оны далаға шығарып, бірінші медициналық көмек көрсетті.  Өрт сөндірушілер тілсіз жауды ауыздықтады.

«Көп жерін күйік шалған зардап  шегуші  ауруханаға жеткізілді», - деп хабарлады полициядан.