Қарағандыда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жаңа Неке қию сарайы ашылды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандылықтар неке қию рәсімін сәулеті мен дәулеті келіскен жаңа Салтанат сарайында өткізу мүмкіндігіне ие болды. Жерлестеріне мұндай сыйлықты кәсіпкер Болат Қожақпаев жасаған. Жаңа ғимарат бизнесменнің «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға қосқан үлесі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағандыда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жаңа Неке қию сарайы ашылды

Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов «Ақ сарай» салтанат сарайына барды. Өңір басшысы жас жұбайлар, алтын және күміс мерейтойын атап жатқан жұптардың салтанат залында некесін тіркеу сәтіне кез келді. Облыс әкімі жанұяларды атаулы мейрамдарымен құттықтады.

null«Қарағандылықтарға мұндай сарай көптен бері керек болған. Енді некені заманауи жағдайға қию мүмкіндігі туды. Махаббаттың кең сарайы жастарға бақыт пен береке әкелеріне сенімім мол. Бұл жай ғана қала үшін жасалған сыйлық емес. Партриоттық пен меценттықтың, адал еңбектің үлгісі. Өңіріміздің әр тұрғыны, кез келген кәсіпкері «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруда атсалысқаны өте маңызды», - деді облыс басшысы.

nullБұған дейін Неке қию сарайы тозығы жеткен, тар әрі ыңғайсыз ескі ғимаратта орналасқан еді. Болат Қожақпаев өз қаражатына салтанат сарайымен қоса мейрамхана және қонақүй кешенін салып берді. Жобаның жалпы құны 3 млрд теңгені құрады. Аумағы - 16,5 мың шаршы метр. Ғимараттың кей бөлігін кәсіпкер өз қалауымен Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының әкімдігіне өткізді. Бір ай бұрын бұл жерге АХАТ бөлімі көшіп келген еді. Оның қызметкерлері жұмыс жасау жағдайының жақсарғанын ерекше атап өтті. Шілде айында жаңа ғимаратта 500 жұп некесін қидырып үлгерген. Салтанат иелері билік пен кәсіпкерге өмірлеріндегі ерекше күнді осындай әсем ғимаратта өткізе алатындарына алғыстарын білдірді. 

  null