Қарағандыда «Сарқыт» сауда үйінде өрт болды

АСТАНА. 18 қараша. ҚазАқпарат - 17 қараша күні таңертеңгі сағат 9 жарым шамасында Қарағандыда, Қазыбек би атындағы ауданда орналасқан екі қабатты «Сарқыт» сауда үйінен өрт шықты.

Қарағандыда «Сарқыт» сауда үйінде өрт болды

ҚР ТЖМ-нен мәлім еткендей, өрт бірінші қабаттағы дүңгіршекте болды. Ол жарты сағаттан кейін сөндірілді. Тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Қарағанды облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 41 адамы мен 15 техникасы жұмылдырылды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.