Қарағандыда сауда үйіне қарақшылық шабуыл жасаушының сыбайласы ұсталды

АСТАНА. 6 тамыз. ҚазАқпарат - Қарағанды қалалық ІІБ Орталық полиция бөлімінің қылмыстық полиция және
None
None

патрульдік полиция полкінің жедел әрекет ету арнайы жасағының қызметкерлері жексенбі күні жедел-іздеу шараларының барысында 2010 жылдың наурыз айында сыбайластарымен бірге Гоголь көшесіндегі сауда үйіне қарақшылық шабуыл жасаған 27 жастағы қарағандылықты ұстады.

Бұл туралы Қарағанды облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

Қаскөйлер ғимаратқа түнде кіріп, күзетшіг аңшылық мылтықтан жарақат салды. Одан кейін сауда үйінен 8 миллион теңге ақша мен алтын бұйымдар салынған сейфті алып шықты.

Қарақшылардың бірін полицейлер үш күннен кейін қолға түсірді. Одан шолақ мылтық алынды. Ер адам 9 жылға сотталды.

Екінші қылмыскер ізін жасырды. Осы уақыт аралығында ол Өзбекстан және Ресей аумағында жүрді, ал бірнеше ай бұрын Қарағандыға оралды. Тәртіп сақшылары оның орналасқан жерін анықтаған соң, оны да ұстады.

Қылмыскер тергеу абақтысына қамалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар